Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов хабардар етті, деп хабарлайды ortcom.kz.
"Облыста 17,0 млрд тенге сомасында 45 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалды, - деді Архимед Мұхамбетов. Жалпы инвестиция сомасы 27,0 млрд теңгеден астам қаражатқа 68 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде".
Спорт саласында Рудный қаласында "FutsalArena" спорт кешені, Қостанай қаласында күштік спорт түрлері академиясы, спорттық-көңіл көтеру кешені және футбол манежі салынды. Облыс орталығында 2,5 мың орынға арналған мұз айдыны сарайының және 50 метрлік бассейннің құрылысы басталды.
Білім беру саласында Арқалық, Лисаков және Жітіқара қалаларында 4 балалар бақшасы пайдалануға берілді.