Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды

587

Архимед Мұхамбетов оқшаулануға кетті.

Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

"Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын",– деп жазды инстаграм әлеуметтік желісінде.

Әкім облыс тұрғындары аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу