"Құрметті қостанайлықтар! Туған жерімді дамыту үшін орталарыңызға оралғаныма қуаныштымын. Жерлестеріммен тығыз қарым-қатынас орнатып, іскер азаматтардың қолдауына сенемін!", - деп жазды әкім.
Құмар Ақсақалов Ұзынкөлде дүниеге келгенін, мектепті Арқалықта бітіргенін айтты.
"Еңбек жолын Сарыкөлде бастадым. Бейімбет Майлин атындағы және Меңдіқара аудандарын басқардым. Елдің оңтүстігінде, орталығында және солтүстігінде жұмыс істедім. Қайда жүрсем де, туған жеріме деген ілтипатым мен сағынышым өшкен емес", - деп атап өтті облыс басшысы.
Ол "бар білімі мен тәжірибесін туған өлкесін дамытуға жұмсайтынын" атап өтті.
Айта кету керек, осыған дейін Құмар Ақсақаловтың Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалғанын жазған болатынбыз.