Қостанай облысының бұрынғы судьясы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды

399

Оң шешім шығарғаны үшін пара алған.

Қостанай облысының бұрынғы судьясы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды Фото: INFORM.KZ

Қостанай облысының бұрынғы судьясы Асқар Дарбаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайдыInbusiness.kz сайты "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

"Судьялар алқасының пікірінше, бірінші инстанцияның үкімі істі дұрыс саралады және нақты мерзімдерді белгіледі. Дарбаев пара алып жатқан жерінде ұсталды, ақшаның шыққан жері дәлелденді, Қалқаевқа шығарылған үкім оның кінәсіне сай", - дейді қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Арман Шәмшиев.

Соттың мәліметінше, Дарбаев кәсіпкер Михаил Корнеевтің ісі бойынша оң шешім шығарғаны үшін пара алған. Бұрынғы судьяның айтуынша, ол кәсіпкер Елжас Қалқаевтан 19 миллион теңге қарыз алған.

Бұған дейін екеуі де кінәлі деп танылған. Дарбаев 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуге, Қалқаевқа 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтеу тағайындалды.

Адвокат пен сотталушының әйелі Асқар Дарбаевты ақтауды сұрады. Судьялар алқасы апелляциялық шағым бойынша шешімді сол күні түстен кейін шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу