Қостанай облысының экономикасына 117 млрд теңге инвестиция тартылды

826

Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қостанай облысының экономикасына 117 млрд теңге  инвестиция тартылды

"Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 860,4 млрд теңгенің өнімін өндірді. Есептік кезеңде өңір экономикасына 117 млрд теңге  инвестиция тартылды. Жалпы, облыс бойынша 168,6 млрд теңгені құрайтын 97 инвестициялық жоба ашылып, 6,5 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 2020 жылы 11,5 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асып, 400 жұмыс орны пайда болды", – деді Архимед Мұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәлімдеме жасағанда. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу