Қостанай облысындағы 179 мектептен санитарлық-эпидемиологиялық бұзушылықтар анықталып отыр. Өңірдегі мектептерді тексеру қорытындысы бойынша 23,5 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
"Өткен оқу жылында ерекше тәртіп бойынша 276 тексеру жүргізілді. Бұзушылықтар әрбір екінші объектіде анықталып отыр. Бұл 179 мектеп деген сөз. Сәйкессіздіктер 12 ғимаратта тіркелген. 200 айыппұл салынып, 9 материал сот органдарына жіберілді, сонша шешім қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұдан бөлек халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласы бойынша заңнамадағы бұзушылықтарды жою туралы 169 ұйғарым берілген. Медициналық тексеруден өту үшін 41 адам жұмыстан уақытша шеттетілді.