Қостанай облысының негізгі су қоймаларында су ағызу баяулатылды

228

Өңірде су тасқыны жағдайы тұрақталды. 

Қостанай облысының негізгі су қоймаларында су ағызу баяулатылды Фото: canva.com

Қаратомар су қоймасында су ағызу секундына 1 600 текше метрді құрады. Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 7-ден 81 см-ге дейін болды.

"Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталуда. 161 жеке тұрғын үйді су басты. Судың басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Көлік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар", - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек 620 отбасына 114,4 млн теңге сомасында төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу