Қостанай облысының тағы үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді,

727

Бұған дейін Ақтау, Железин ауданы және Теренкөл ауданының Трофимовка ауылдарында карантин жарияланған болатын. 

Қостанай облысының тағы үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді,

Қостанай облысының тағы үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды "Костанайские новости".

"Родина ауылындағы "Агроинтерптица" ЖШС-нің Арқалық құс фабрикасында құс тұмауы расталды. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының президенті Максим Божконың Facebook-тегі ақпараты бойынша, мұнда 500 мыңнан астам тауық өлген. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Фабриканың айналасында бақылау бекеттері бар. Жақын маңдағы Фурманово ауылындағы жеке фермаларда құс тұмауы расталды. Сондай-ақ Целинноеда да болған, бірақ сынақ нәтижелері әлі келген жоқ", – деді бейсенбіде Қостанай облысының ветеринария бөлімінің бастығы Самат Қалиев.

Нақтыланып отырғандай, жақын арада Қарабалық аймағындағы Михайловка ауылы да карантинге жабылады. Мұнда 100-ден астам құс қырылды. Ауыл периметрі бойынша бетон плиталармен қоршалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау, Железин ауданы және Теренкөл ауданының Трофимовка ауылдарында жоғары патогенді құс тұмауын анықтауға байланысты карантин жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу