Қостанай облысының тұрғынынан 100-ге жуық киік мүйізі табылды

854

46 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қостанай облысының тұрғынынан 100-ге жуық киік мүйізі табылды

Қостанай облысы Амангелді ауданының 46 жастағы тұрғынынан 96 ақбөкен мүйізі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қостанай облысы полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесінен ақбөкеннің 96 мүйізін тапты. Тәркіленген заттың салмағы 15 келіден асты ", –  делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе туындыларымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу