Қостанай облысының ветеринарлары тегін берілетін анықтамаларды саудалаған

658

Қолданыстағы заңнама нормалары бойынша анықтамалар тегін берілуі керек.

Қостанай облысының ветеринарлары тегін берілетін анықтамаларды саудалаған

Қостанай облысының ветеринарлары тегін  берілетін анықтамалар үшін ақша алып келген. Заңсыз алынған қаражат көлемі 269 000 теңгені құрап отыр. Бұл туралы ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жемқорлықтың алдын алу басқармасы мәлім етті.  

Қарабалық ауданының ветеринария саласындағы мамандары ветеринарлық анықтама беру үшін ақша талап еткен. Олар бұндай заңсыздықпен біраз уақыттан бері үздіксіз айналысып келген.

"Қолданыстағы заңнама нормалары бойынша анықтамалар тегін берілуі керек. Аудан әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінің бірлескен тексерісінің қорытындысы бойынша, аталған әрекет тоқтатылды" –  дейді  басқарма өкілдері.

Ветеринарлардың халықтан алған заңсыз ақшасы қайтарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу