Ер адам полицияға жүгініп, алты ай ішінде одан тұрақты негізде ақша бопсаланғаны жайлы айтұа, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны анықтады. Ол бұрын істі болған 29 жастағы азамат болып шықты.
"Тергеу барысында оның 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында күш қолданып, қорқытып жәбірленушіге тиесілі 17 млн теңгесін иемденгені анықталды", деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.
Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында күдікті анықталып ұсталды. Одан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.