"Қостанай – Ресей шекарасы" автожолы жөнделеді

1165

Биыл Қостанай облысында жолдарды жөндеуге бюджеттен 66 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қостанай – Ресей шекарасы" автожолы жөнделеді Фото: freepik

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өткізген кеңесте мәлімдеді.

Үкімет басшысы өңір үшін маңызды жоба "Қостанай – Денисовка" автожолы күрделі жөндеуден өткенін атап өтті. Республикалық автожолдар учаскелері бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Олар – "Ұзынкөл – Троебратское", "Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы" және Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі автожолдар.

"Ағымдағы жобалар аяқталған соң, алдағы уақытта "Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы" автомобиль жолын реконструкциялау жоспарлануда", – деді Премьер-министр.

2023 жылы облыстың автожол саласының бюджеті 56 млрд теңгені құраған. Бұл қаражатқа елді мекендердің арасындағы 700 км жолға және елді мекендердегі 299 көшеге жөндеу жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу