Қостанай сотының бұрынғы судьясы 9 жылға сотталды

345

Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Қостанай сотының бұрынғы судьясы 9 жылға сотталды Фото: ng.kz

Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дарбаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы "Наша газета" басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Облыстық соттың әкімшілік алқасының төрағасы Асқар Дарбаевқа кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге көлемінде пара талап етті деп айып тағылды. Судья 2022 жылдың 17 тамызында парамен ұсталды.

Пара берген делдал, кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды7 Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу