Қостанайдан Ауғанстанға ұн тиелген пойыз жолға шықты

638

Қостанайдан Ауғанстанға ұн тиелген пойыз жолға шықты

18 шілдеде Қостанай станциясынан ұн тиелген пойыз Қазақстан және Түркіменстан аумағы арқылы өтетін бағдар бойынша  Ауғанстанға жөнелтілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз-қызметі.

Қостанай – Болашақ – Серхетабад (Түркіменстан) бағдарының ұзындығы 3500 километрден асады. Ұйымдастырылған пойыз құрамында салмағы 3300 тонна неттоны құрайтын елуден астам вагон бар.

"Қазақстан әлем бойынша астық өндіруден алдыңғы позицияны иеленеді. Темір жолдың басты мақсаты – ауылдардың ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде, аталған стратегиялық жүктің уақытылы және сапалы тасымалын қамтамсыз ету. Жаңа бағдар бойынша тасымалды дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін өсіруге мүмкіндік беріп, айналымды қысқартып және жылжымалы құрамның елге қайта оралуын 2-2,5 есеге жылдамдатады", – деп атап өтті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Мұхтар Жамбылов.

2018 жылдың басынан бері экспортқа 4,2 млн тонна астық жеткізіліп, бұл көрсеткіш 2017 жылдың ұқсас көрсеткішінен 56%-ке жоғары болып отыр. 1,2 млн тонна ұн тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 8%-ға артық болып отыр.

Қазақстандық ауылшаруашылығын өндірушілердің өнімдері көбінесе, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иранға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу