Қостанай тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері ерекше құжаттарды тапты

1572

Олар Челябіден Қостанай уезінің құрылуы туралы құжатты әкелді. 

Қостанай тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері ерекше құжаттарды тапты

Биылғы жылдың күзінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері ресейлік екі мұрағаттың құжаттарымен жұмыс істеге мүмкіндік алды, деп хабарлайды alau.kz.

Олар Челябіден Қостанай уезінің құрылуы туралы құжатты әкелді. Сондай-ақ 1925 жылы жазылған хаттардың көшірмесі де алынды.

"Челябіден Қостанай уезін Челябі губерниясынан Қырғызстан жеріне ауыстыру туралы Ахмет Байтұрсыновтың қолы қойылған құжаттарды тауып алып келдік. Бұл хат-хабар өте ұзақ уақыт жасалған, нәтижесінде Қостанай Қырғызстан аймағында өтті", – деді Қостанай облыстың тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Евдокия Суряднова.

Ал Омбыдан мұрағаттық құжаттар Батыс Сібірдің бас басқармасы, жеке Сібір корпусының штаб-пәтері, қазақ жүздерімен саяси және экономикалық қатынастар, 1743 жылы Жаңа Есіл шебінің құрылуы және Кенесары Қасымовтың қызметі туралы материалдар табылған.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары Омбы қаласынан 35 құжат әкелген. Бұл шамамен 70 парақ. Сонымен қатар Челябіде жүзден астам құжаттың көшірмесі жасалған.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, олардың барлығы құжаттық қорға енді және оларды барлығы көре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу