Қостанай тұрғындары тамыз айының басында ыстық сусыз отырады

325

Бұл туралы Қостанай жылу энергетикалық компаниясы мәлім етті.

Қостанай тұрғындары тамыз айының басында ыстық сусыз отырады Фото: massaget.kz

Қостанайда магистралды газ құбырын жөндеу және қазандықтарды газдан ажырату жұмыстарына байланысты 10 күн ыстық су болмайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! "Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы" МКК сізге магистралды газ құбырын жоспарланып отырған жөндеуге және ЖЭО, қазандықтарды газ беруден ажыратуға байланысты 1-10 тамыз аралығында Қостанай қаласының тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарын ыстық сумен жабдықтау тоқтатылатынын хабарлайды. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу