Қостанай облысы Қарасу ауданының 4 елдімекенінде су тасқыны сейілді. Қазір тұрғындар үйлеріне оралып жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі.
Мұнда еріген қар суының салдарынан 36 үй мен аула су астында қалған еді. Әзірге Жамбыл ауылында 22 үй су астында қалып отыр. Оның салдарын жою үшін 200 метр ұзындықта су жіберетін 4 канал қазылды.
Өңірде су тасқынының салдарын жою жұмысы әлі де жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар, жергілікті атқарушы орган және полиция қызметкерлері күш біріктірді. Сондай-ақ Қостанай құтқарушыларына көмекке Жамбыл облысынан әріптестері де келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу