Қостанай тұрғыны 6 жыл бойы еңбек құлдығында болғанын мәлімдеді

407

Ол қыстақтан Қарағандыға дейін жаяу келген

Қостанай тұрғыны 6 жыл бойы еңбек құлдығында болғанын мәлімдеді Фото: Хабар24

Қостанай тұрғыны Қарағанды облысындағы қыстақта 6 жыл бойы еңбек құлдығында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Патриот" Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Александр Вдовиченко Осакаров ауданына қарасты Молодежное ауылының маңындағы қыстақтан қашып кеткенін хабарлады.

Қарағандыға кіре берісте жедел жәрдем жүргізушісі оны байқап, Қостанайға дейін баратын таксиге мінгізіп жіберген.  Александр Вдовиченкооның үсті-басы лас әрі аш болған. 

"Мен ауысымнан кейін үйіме жеке көлігіммен бара жаттым. Жолда киімі жыртық әрі лас болған ер адам тоқтатты.  Ол 6 жыл бойы еңбек құлдығында болғанын, содан қашып келе жатқанын айтты. Өзінің есімі Александр Вдовиченко екенін де хабарлады", - деді жедел жәрдем жүргізушісі Еркін Тілеубердинов.

Осыдан 6 жыл бұрын ер адамға шаруа қожалығының иесі оған бір маусым қыстақта мал бағуды ұсынған. Салдарынын қожайыны оның құжаттарын иемденіп, жалақы төлемеген көрінеді. Айтуынша, ресми жұмысқа орналаспаған, іс жүзінде аш қалмау үшін ғана жұмыс істеген.

Александрдың сөзінше, қыстақ иесінің бүкіл отбасы оны үнемі бақылап отырған. Осы аралықта ол шаруа қожалығында жұмыс істеген әйелге үйленеді, алайда тойы болмаған. Ер адамға туыстарын шаруа қожалығына шақыруға рұқсат етілмепті. 

Оның қазір 2 жасар қызы бар, ол да қыстақта тұрады. 

Александр Вдовиченко қожалық иесінен өз құжаттарын сұрағанымен, иесі оны бермеген. 

Қашуға бел байлаған ер адам бірнеше күн бойы Қарағандыға қарай жаяу барған. Ол ешкім байқап қалмас үшін қараңғы түскен уақытта ғана жүрген.

Ер адам Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылына жетіп, сол жерде өтініш жазуға шешім қабылдапты.

Жедел жәрдем жүргізушісі оны Қостанайға дейін таксиге отырғызып жіберген.

"База бойынша Александр Вдовиченко із-түзсіз жоғалған адамдар тізімінде тұрған жоқ. Егер одан өтініш келіп түссе, шаралар қабылданады", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу