13 сәуірде қыз анасына әжесімен бірге тұратын адамның тиіскені туралы хабарлады. Осыдан кейін әйел полицияға жүгінді, деп жазады inbusiness.kz "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
"Мен кешке дейін жұмыс істеймін. Мектептен қайтар кезде қызым ер адаммен бірге тұратын әжесіне жиі қонаққа баратын. Сол күні, 13 сәуірде қызым әдеттегідей әжесінен келді. "Мен саған бірдеңе көрсетуім керек" деді. Сөйтіп телефонда әжесімен бірге тұратын жігіттің жалаңаш фотосуреттерін көрсетті. Ол оған осы жылдың қаңтар айының соңынан бастап алымсақтық жасағанын айтты. Сол күні мен Қостанай ПБ Оңтүстік бөліміне өтініш бердім", — деді қыздың анасы.
Журналистердің сұрауына жауап берген Қостанай Полиция бөлімі бұл іс бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Күдіктінің кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны дәлелденсе, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазір күдікті ұсталды және тергеу изоляторында қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Тергеу мүддесінде ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес іс бойынша өзге ақпарат жарияланбайды.