Қостанай тұрғыны жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтірді

83

Күдіктінің атына тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді.

Қостанай тұрғыны жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтірді Фото: freepik

Қостанай қаласында 37 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі танылып отыр. Ол оқиға болғаннан кейін өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға облыс орталығының ықшамаудандарының бірінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам мемлекеттік құрылымдардың бірінде қауіпсіздік саласында жұмыс істеген болуы мүмкін.

Қылмысты жасағаннан кейін ол өзі полиция бөліміне барып, болған жағдай туралы хабарлаған.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Алдын ала деректер бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған", – деп нақтылады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-оперативтік шаралар жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу