Қостанай және Маңғыстау облыстарында азық-түлік бағасы шектелді

526

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 14 сәуірде "2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы" кешенді жоспарын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Сауда және индустрия министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қостанай және Маңғыстау облыстарында азық-түлік бағасы шектелді

Кешенді жоспарды іске асыру халықтың нақты кірістерінің орташа жылдық өсу қарқынына 4-5% деңгейінде және 2 млн астам жұмыс орындарын құруға алып келеді деп жоспарлануда.

Сауда және интеграция министрлігі халық үшін қолайлы бағалар бойынша тауарлардың нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Әділ баға өз кезегінде халықтың табысына оң әсер етеді.

Мәселен, кешенді жоспар іс-шараларының бірі шекті бағаларды енгізу болып табылады және халық табысының сатып алу қабілетін қорғауға бағытталған.

Бүгінгі күні шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары 2 өңірдің аумағында қолданылады:

1) Қостанай облысында – тауық етіне күнтізбелік 30 күнге килограмм үшін 943 теңге мөлшерінде;

2) Маңғыстау облысында – қырыққабатқа килограмм үшін 255,5 теңге мөлшерінде, сары майға – килограмм үшін 3744,5 теңге мөлшерінде және жұмыртқаға – күнтізбелік 90 күнге ондаған үшін 416 теңге мөлшерінде төленеді.

Сондай-ақ ірі өндірушілер мен сауда желілері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (күнбағыс майы, қант, қарақұмық жармасы, жұмыртқа және т.б.) бағаларын төмендету және ұстап тұру туралы келісімдер жасалады.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес барлығы 16 072 келісім (меморандум) жасалды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 1 788 өндірушісімен және 14 284 сауда объектісімен келісімдер жасалды.

Сондай-ақ табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін жүйелі шаралардың бірі экспорттық жеткізілімдерді мемлекеттік қолдау есебінен өндірілетін өнім көлемін ұлғайту болып табылады.

Өңдеуші өнеркәсіптің экспортқа бағдарланған жобаларын қаржыландыру "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры"АҚ желісі бойынша 220 млрд теңге сомасына бөлінген қайтарымды қаражат есебінен жүзеге асырылады.

2022 жылдың 5 айында барлығы 49,2 млрд теңге сомасына 52 жобаға қолдау көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу