Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сумен қамту көрсеткіші төмен – Қайырбек Өскенбаев

659

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік 96%-ды, оның ішінде ауылдарда 93%-ды құрады. 

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сумен қамту көрсеткіші төмен – Қайырбек Өскенбаев

Бұл туралы Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Кейбір өңірлер артта қалып келеді. Ауылдарды ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады", – деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін сумен жабдықтауды 100%-ға жеткізу үшін 498 млрд теңге қарастырылған. Биыл ауылдарға 95 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде жыл соңына дейін елді-мекен тұрғындарының 94%-ы ауыз сумен қамтылады. 

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, республикада 6,3 мыңнан астам ауыл болса, оның ішінде 4,7 мың ауыл сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Қалған 1 543 ауылға су кезең-кезеңімен тартылады. 

"Қамтамасыз етілмеген ауылдардың 511-іне орталықтандырылған су құбырын тарту, ал аз қоныстанған 1 032 ауылға жергілікті бюджет есебінен кешенді блокты модульдер орнату жоспарлануда. Оның ішінде биылғы жылы 120 ауылды орталықтандырылған сумен қамту және халқы аз 220 ауылға кешенді блокты модульдер орнату жоспарлануда. Қалған 1 203 ауыл 2025 жылдың соңына дейін жоспар бойынша қамтамасыз етілмек, оның ішінде 391 ауылды орталықтандырылған сумен қамтылады және 812 ауылға кешенді блокты модульдер орнатылады", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу