Қостанай жылқысы санының азаюына не себеп?

250

Қостанай жылқы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды. 

Қостанай жылқысы санының азаюына не себеп? Фото: argymaq.kz

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаралып отырған заң жобасы отандық жылқы тұқымын жаңарту үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын ұсынудың құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталып отыр. Өз баяндамаңызда осы қолдау Қостанайлық жылқының санының азаюына байланысты қажет болды дедіңіз. Осындай жағдайға не себеп болды? Осы тұқымды өсірумен айналысатын негізгі шаруашылық мемлекеттік басқаруда болды емес пе?", - деп сұрады Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаровтың сөзінше, асыл тұқымды жылқыларды бюджеттен қаржыландыру о бастан қате дүние. 

"Бұл тек қана бәсекелестіктің арқасында, нарықтың күшімен дамитын бизнес саласы деуге болады. "Қостанай тұлпары" деген ат зауыты біздің тәжірибелі шаруашылығымыздың құрамында болып бастады. Тәжірибелі шаруашылықтың бірінші мақсаты егін алқаптарын игеру болды да, Қостанай тұқымын ұмытып, бұл екінші деңгейдегі мәселе болып кетті. Екіншіден, барлық салаға қатысты тәжірибелі мамандардың жетіспеушілігі. Себебі, Қостанай зауытындағы мемлекеттік жұмысқа баратын, бюджеттің жалақысына көнетін мамандар қалмады. Осының барлығы Қостанай тұқымынан айырылуға жақындауға себеп болып отыр", - деді заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу