Қостанай энергетикалық компаниясының басшысы 4 жылға сотталды

526

Үкім заңды күшіне енді.      

Қостанай энергетикалық компаниясының басшысы 4 жылға сотталды Фото: egemen.kz

"Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетов 4 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап.

"Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетов 4 жылға сотталды. Және оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сонымен қатар "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен "АлатауСтрой-2009" ЖШС Төлеген Тұрлұғұлов мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

"Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры А.Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, газ мазут жанарғыларын жеткізуге "КосДинКом" ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзған. Сонымен қатар "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС және "Алатаустрой-2009" ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай ЖЭО-на жоғары бағамен жеткізуге және монтаждауға басқа шарт жасасып, мемлекетке 15 млн теңге көлемінде залал келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу