"ТМРКД Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама жасады. Істер Қостанай облысы Қостанай қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотында қаралды, онда субъектіге 9 801 600 теңге мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Шешімге аппеляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін", – деп жазылған ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарламасында.
Сондай-ақ тұтынушыларға жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептелген соманы қайта есептеу туралы нұсқама енгізілген.