Қостанайда 1193 отбасына АӘК заңсыз берілген

1620

Қостанай облысында 2439 отбасының атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алу заңдылығы тексерілді.

Қостанайда 1193 отбасына АӘК заңсыз берілген

Мәселен атаулы әлеуметтік көмек алған 2439 отбасының 1193 жанұясына төлем тоқтатылған, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устиновтың айтуынша, 116 отбасына АӘК беру уақытша тоқтатылған.

"Осылайша, Сарыкөл ауданының көпбалалы отбасы мамыр айында аудандық Жұмыспен қамту орталығына АӘК тағайындау үшін өтініш білдірді. Отбасына жалпы сомасы 1 млн. 13 мың 760 теңгеге 88 мың 480 теңге көлемінде ай сайынғы шартты ақшалай көмек тағайындалды. Әлеуметтік көмекке жүгінген кезде отбасы басшысы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық декларациясын нөлдік табыспен берді.  Ағымдағы жылғы тамыз айында тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды қайта тексеру кезінде, біз бұл отбасының жеке меншігінде екі қабатты коттедж, "Береке" азық-түлік дүкені, Volkswagen маркалы автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасы бар екенін анықтадық. Қайта есептеу нәтижесінде 1 тамыздан бастап отбасына АӘК алудан бас тартылды", – деді Максим Устинов.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар заңсыз тағайындалған АӘК қайтару бойынша шаралар қабылдауда. Осы жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қостанай облысынан 49 мың 89 тұрғыны немесе 11 мың 238 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу