Қостанайда 12 жастағы балаға іздеу салынғанына аптаға жақындады

721

 Анасының сөзінше, Александр 20 қазан күні түс уақытында мектептен үйге қарай шыққан. Сол уақыттан бері хабар жоқ.

Қостанайда 12 жастағы балаға іздеу салынғанына аптаға жақындады

Қостанайлық полицейлер 2006 жылы туған Александр Рябухинге іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласы ІІБ-не 12 жастағы Александр Рябухиннің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Анасының сөзінше, Александр 20 қазан күні түс уақытында мектептен үйге қарай шыққан. Сол уақыттан бері хабар жоқ.

Оқушының бойы - 150-160 см, арық денелі, шашы қысқа. Үстінде мектеп формасы, қара түсті куртка мен шалбар болуы мүмкін.

Александр Рябухин туралы ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауға болады: 8-7142-52-61-11, 52-62-18, 52-61-12 немесе 102.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу