Қостанайда 120 тұрғын баспаналы болды

898

Қостанайда 120 тұрғын баспаналы болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 120 салымшысы Қостанайда пәтер кілтін алды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының директоры Дәурен Саудабаев банк клиенттеріне пәтер кілтін тапсырды.
"Жаңа үйдің иесі болып отырған бұл азаматтар бірнеше жыл бойы тұрақты түрде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына табысының бір бөлігін салып тұрды. Ал бүгін үміттері ақталып отыр. Мемлекеттің қолдауының арқасында олар 1 шаршы метрінің бағасы 136 000 теңге болатын қолжетімді баспанаға қол жеткізе алды. Мұндағы бір бөлмелі пәтердің бағасы орта есеппен 5,5 млн теңгенің айналасында. Ақшаның бір бөлігін салымшылардың өздері жинағанын атай кету керек. Жетпейтін соманы банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын несие түрінде берді", - деді Дәурен Саудабаев.

Нысандар "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған. Пәтерлердің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына берілсе, 50%-ы әкімдікте үй кезегінде тұрғандарға берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу