Қостанайда 16 Өзбекстан азаматы құлдықтан құтқарылды

921

Қостанайда 16 Өзбекстан азаматы құлдықтан құтқарылды

Қостанайда полиция жергілікті диірмен кешенінде еркінен тыс жұмыс істеген 16 Өзбекстан азаматын босатты. Ақпаратты "Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық ассоциациясы" ҮЕҰ Қостанайдағы филиалының қызметкері  Александр Косюк растады, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

Косюктің айтуынша, босатылғандардың арасында балалы әйелдер де болған.

Арнайы операция өткізу барысында полиция қызметкерлері диірмен кешенінде 18 шетелдік азамат жұмыс істейтінін анықтады. Олардың құжаты да өздерімен болмай шықты. Қашып кетпеу үшін жұмыс берушілер тартып алыпты.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Александр Косюк бостандыққа шыққандардың әзірге жалдамалы баспанаға орналастырғанын айтты.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу