Қостанайда 17 жастағы жасөспірім 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен ұсталды

173

30 қазанда Қостанайда қарияның мәйіті тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қарт кісінің тамағын ауладағы орындықта отырған жерінде кесіп кеткен.

Полиция күдіктіні көп ұзамай анықтап, ұстады. Ол 17 жастағы жергілікті жасөспірім болып шықты.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу