Қостанайда 2 аптада қос жасөспірімді футбол қақпасы басып қалды

478

16 жасар бала ауруханаға ауыр жарақаттармен түскен. 

Қостанайда 2 аптада қос жасөспірімді футбол қақпасы басып қалды Фото: ortcom.kz

Дәл осындай жағдай 2 апта бұрын да болыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Науқастың 12 елі ішегі үзілген. Бұл – сипаты мен емделуі ең ауыр жарақаттардың бірі. Асқынулар болуы мүмкін. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, оған өкпені жасанды желдету аппараты қосылған. Ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақтанды. Өз бетімен демалуы үшін аппаратты ажырату бойынша шешім қабылдаймыз", - деді облыстық балалар ауруханасы хирургиялық қызмет секторының меңгерушісі Игорь Белобржицкий.

Оқиға 12 сәуір күні болған. Дәрігердің айтуынша, ауруханаға осыдан 2 апта бұрын дәл осындай оқиғадан кейін Ұзынкөл ауданынан 16 жасар бала түскен.

"Жасөспірімнің басына футбол қақпасы құлаған. Бас сүйек-ми жарақатымен түсті. Жағдайы орташа ауыр болды. Қазір жазылып келеді. Осыдан 4 жыл бұрын Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған бала көз жұмған еді. Енді мұндай жағдайлар қайталанбайтын шығар деп ойлағанбыз. Өкінішке қарай, мәселе әлі де бар", - деді дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу