Қостанай облысының прокуратурасы облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасын анықтап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты", – деп жазылған ресми хабарламада.
Аталған фактімен Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелген.
– Тергеу шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды, – делінген ақпаратта.
Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды.