Қостанайда 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

539

Алапат өрт ортасында қалған 1 841 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қостанайда 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Басым бөлігі Аманқарағай ауылының тұрғындары. Мұнда жүзге жуық үйдің толық жанып кеткені мәлім болды. Қызыл жалын кесірінен, Лесное елді мекенінің 363 азаматы бас сауғалауға мәжбүр болған.

Одан бөлек, өрт шыққан аумаққа жақын орналасқан Калининоның 228 және Озерное ауылының 250 тұрғыны да эвакуацияланған.

Зардап шеккендер Әулиекөл ауылындағы екі мектепке жеткізілді. Онда ішіп-жем мен ауыз су мәселесі де шешілген. Ал жергілікті тәртіп сақшылары қараусыз қалған баспаналарды күзетіп, ұрлық-қарлықтан алдын алуға кіріскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу