Құтқарушылар осы түні фураларды шарпыған тілсіз жаумен арпалысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгін түнде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тасжолында 25 тонна шөп тиелген тіркемелері бар екі жүк көлігін от шалды.
ТЖМ күш-құралдары өртті толықтай сөндірді. Жалын шарпыған аумақ — 60 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
"Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп ескертеді ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу