Қостанайда 3 жасар бала анасын балконға қамап қойған

306

Абырой болғанда әйелдің өзімен бірге телефоны болып, ол 112 желісіне қоңырау шалған. 

Қостанайда 3 жасар бала анасын балконға қамап қойған Фото: freepik

Қостанай қаласында Береке шағын ауданында анасы балконға шыққан кезде оның 3 жасар баласы ойнап жүріп, есікті іштен жауып тастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бала пәтерде ересектерсіз жалғыз қалып қойған, ал дәл осы уақытта пеште тамақ дайындалып жатқан еді. Егер анасы дер кезінде құтқарылмаса ол өрт тудыруы мүмкін болатын.

Абырой болғанда әйелдің өзімен бірге телефоны болып, ол 112 желісіне қоңырау шалды. Келген құтқарушылар жоғарыдағы пәтерден балконға түсіп, есікті ашты. 

"Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖМ қызметкерлері үш жасар баланы құтқарып, өрттің алдын алды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу