Қостанайда 30 тоннадай мал еті мұқтаж жандарға үлестіріледі

808

Қостанай облысында құрбан шалуға жағдай жасалып, мал соятын 37 орын белгіленді. Сол орындарда үш күн бойы қайырымдылық акциясы өтеді. 

Қостанайда 30 тоннадай мал еті мұқтаж жандарға үлестіріледі

Сойылған малдың еті тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, қарттар мен балалар үйіне үлестіріледі, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл облыс орталығы бойынша 30 тоннадай ет жіліктеліп, мұқтаж кісілерге теңдей таратылады.

"Бұл жерде екі формада құрбандық шалып, еттерін бөлуде. Біріншісі әркім өзі бөліп, "өзімнің қалаған адамыма, мұқтаж жаныма беремін, отбасыммен бір бөлігін жеймін" деп жатса, кейбіреулері "арнайы мешітке берейік, сіздер мұқтаж жандарға таратыңыздар" деген ықыластарын білдіріп жатыр",– дейді қалалық мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу