Астықты аймақ Қостанайда егіс науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Қазіргі таңда жоспарланған 4 млн 700 мың гектар алқаптың 60%-дан астамына тұқым себілген. Әсіресе, облыстың оңтүстігі Арқалық өңірінде қарқын жоғары. Арқалық өңірінде биыл 277 500 гектар алқапқа дән егілмек. Соның 43 мыңы Таңат Естайлақов жұмыс істейтін шаруашылыққа тиесілі. Қуатты, заманауи техникамен жарақтанған механизаторлардың машақаты азайған.
Өңір диқандары егіс жұмыстарын сәл кешігіп бастаған-ды. Әйтсе де еңбек өнімділігі қарқынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу