Қостанайда 40-қа жуық үй екі күннен бері газсыз отыр

322

Оғаy блоктық газ реттеу пунктіне конденсат түсуі себеп болған.

Қостанайда 40-қа жуық үй екі күннен бері газсыз отыр Фото: inbusiness.kz

Қостанайда тұрғын үй алабының тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімдігі Кунай тұрғын үй алабының жылымық салдарынан газсыз қалғанын хабарлады.

- Жылымыққа байланысты Кунай тұрғын алабындағы орта қысымдағы газ құбырларынан конденсат аға бастады. Нәтижесінде газ басқару нүктелерінде ақау пайда болды. Газ беру уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ департамент төтенше жағдайдың жоқтығын түсіндірді. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу