Қостанайда 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды

528

Қостанайда 5 қабатты тұрғын үй өртеніп, 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4-і бала, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанайда 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды Фото: massaget.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қостанай қаласында сағата 11-50-де 5 қабатты тұрғын үйде, 4-қабатта ас үй-жайда өрт шықты.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала бар. Сағат 12-08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі-электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы.

"Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамының 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды",-делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу