Қостанайда 5 қабатты үйден өрт шығып, 51 адам эвакуацияланды

508

Бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенген.  

Қостанайда 5 қабатты үйден өрт шығып, 51 адам эвакуацияланды Фото: kstnews.kz

Қостанайда 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 51 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 8 бала бар, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 12 қаңтар күні сағат 10:20-да кезекші пультіне өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға қаладағы Текстильщиков көшесіндегі тұрғын үйде болған.

"Қаланың өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бірінші қабаттағы пәтерден түтін шықты. 20 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары жанып жатты. Түтін үйдің барлық қабатына тез тарады. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 51 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і бала. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардың тұрғындарын эвакуациялау үшін баспалдақты пайдаланды. Уақытты жоғалтпау үшін өрт сөндірушілер бір мезетте арнайы баспалдақпен балкон арқылы тұрғын үйге кіріп, 12 адамды, оның ішінде 8 баланы  құтқарды", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 11:05-те ауыздықталды, ал сағат 11:11-де толығымен жойылды. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу