Республикалық маңызы бар М-36 "Екатеринбург - Алматы" автожолындағы Қарабалық ауылының маңында бүгін қатты аяз салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған автобустың жанар-жағармайы қатып қалды.
Жолшылар дер арада автобусты жақын маңдағы кемпингке сүйреп апарып, жылытып, көлікті оталдырып берді.
Автобус ішінде 55 адам болған, оның 6-ы бала.
Автобус өз бағыты бойынша жолға аттанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу