Қостанайда 60 үйді су алған

865

Тұрғындар эвакуацияланды.

Қостанайда 60 үйді су алған

Көктемгі тасқын мен мезгілсіз боран Қостанай облысын қос бүйірден қысуда. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, кеше Қарасу ауданында 60 үйді су алып, халық баспанасын тастап шығуға мәжбүр болған.

"Қостанай облысының Қарасу ауданында 60 үйді су алды. Кеше осы үйлердің адамдарын қауіпсіз жерге көшірдік. Бүгін үйлердің көбін судан арылтып, сорғыттық. 30-дай үйге иелерін қайтаруға болады. Ертең кешке біздің мамандар атқарған жұмыстың арқасында аталмыш елдімекенде ешқандай қатер қалмайды деп ойлаймын. Басқа өңірлерде қазір жағдай тұрақты. Бірақ соңғы күндері "Қазгидромет" таратып жатқан дабылды ескертулерді ескерсек, қатты жел кезінде үйден шықпау керек. Оның үстіне көптеген өңірде қазір карантин", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу