Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып, мерт қылды

153

Қайғылы жағдай 12 желтоқсан күні жаяу жүргіншілер өткелінде орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып, мерт қылды Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтағаны көрінеді. Алайда сол сәтте жеңіл көлік жүргізушісі зейнеткерді байқамай, қағып кеткен.

Полицияның мәліметінше, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, реттелмейтін өткелде жолды кесіп өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Әйел алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, "Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу