Қостанайда 7 жасар қыз аязда су толған құдыққа құлап кетті

263

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. 

Қостанайда 7 жасар қыз аязда су толған құдыққа құлап кетті Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 2017 жылы туған қыз абайсызда жылу құдығына құлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу келді. Оларға бейтаныс адам да көмектесті. Құдықтың ішіндегі судың биіктігі 60-70 см. Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына берді.

Қазір бала дәрігерлерің бақылауында. Айта кетейік, қазір Қостанай облысында сынап бағанасы 25 градус аязды көрсетіп тұр.

“Балаға гипотермия (дене температурасының төмендеуі) диагнозын қойдық. Ішкі ағзаларында, басында және аяқ-қолдарында жарақаттар жоқ. Бала есін жиды, сұрақтарға жауап беріп отыр. Егер жағдайы жақсарса, ертең палатаға ауыстырамыз”, – дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

ТЖМ ата-аналарды сергек болуға және балалармен сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу