Апат салдарынан 8 көпқабатты үй жылусыз қалды, деп жазады inbusiness.kz "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап.
"Қостанай жылу энергетикалық компаниясының" ақпаратына сәйкес, 26 желтоқсан күні сағат 07:00-де Тәуелсіздік даңғылындағы жерасты жылу құбыры жарылған.
"Сағат 09:00-ден бастап 14:30-ға дейін құбырды ашу үшін қазу жұмыстары жүргізілді. Салдарынан 8 көпқабатты үй немесе 381 абонент уақытша жылудан ажыратылды:
- Әл-Фараби даңғылы бойындағы №143, №145, № 158/1, № 158/6 үй;
- Перонная көшесі бойындағы №3, №4, №10 үй;
- Темірбаев көшесі бойындағы №39 үй", - делінген компания таратқан хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, жөндеу жұмыстарын 20:00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу