Қостанайда 9 жасар баланың қолы батареяға қыстырылып қалды

417

Ол қолын өздігінен шығара алмаған.

Қостанайда 9 жасар баланың қолы батареяға қыстырылып қалды Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай құтқарушылары шойын батареясының арасына қолы қыстырылып қалған балаға көмектесті, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 23 қазанда сағат 21:15-те баланың анасы "112" пультіне хабарласты. 

"Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел оқиға орнына аттанды. Мамандар барлық қажетті шараны жасап, баланың қолын күнбағыс майымен сылап, батареяға зақым келтірместен, оны босатып алды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу