Қостанайда 90 отбасы "Нұрлы жермен" пәтер алды

990

Пәтерлер сатып алу мүмкіндігімен жалға берілді.

Қостанайда 90 отбасы "Нұрлы жермен" пәтер алды

Бүгін Қостанай қаласында үй кезегінде тұрғандарға "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында "Сатып алу мүмкіндігімен жалға беру" бағыты бойынша жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды "ҚИК" баспасөз қызметі.

99 пәтерлік тоғыз қабатты жаңа үй "Әуежай" шағын ауданында орналасқан. Барлық пәтерлер кезекте тұрғандарға дайын күйінде беріледі.

Жалдау құны 1 шаршы метр үшін айына 784,11 теңгені құрайды. Пәтер алғандар арасында көпбалалы отбасылар, мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын басқа да азаматтар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу