Қостанайда ағаш арасынан өнеркәсіптік жарылғыш зат элементтері салынған пакет табылды

750

Қостанайда ағаш арасынан өнеркәсіптік жарылғыш зат элементтері салынған пакет табылды

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 17 маусым күні Қонай кентінен екі шақырым жерде болған, деп хабарлайды alau.kz 
"Интер-стиль" ЖШС жұмыскерлері ағаш егетін жерден өндірістік жарылғыш зат элементтері салынған пакет тапқан. 
"Бұл -"Петроген П-34". Бас-аяғы 10 дана, детонаторы жоқ. Затты Қостанай облысының ІІД-ның шұғыл тобы тәркіледі", - деді ТЖД-дағылар. 
Бұған ТЖД-ның 12 адамы жұмылдырылды, оның алтауы жергілікті полиция қызметкері, төртеуі ҰҚКД қызметкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу