Қостанайда әйелі мен енесін пышақтап өлтірген азаматқа үкім шықты

125

​Сотталушы сотта кінәсін ішінара мойындады.

Қостанайда әйелі мен енесін пышақтап өлтірген азаматқа үкім шықты Фото: Ясногорье

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қостанай облысының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың шілде айында сотталушы өз үйінде, жанжал кезінде әйелі мен енесінің өмірлік маңызы бар ағзаларына бірнеше рет пышақ салған. Нәтижесінде жәбірленушілер оқиға орнында көз жұмған, ал сотталушы оқиға орнынан қашып кеткен.

​Сот сотталушының жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтамады.

​Сотталушының жеке басын, қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

​Жәбірленуші тараптың моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу