Әкімдік бұл өрт оқиғасын қалалық ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.
9 мамыр күні Тобыл жағалауында шыққан от қамысқа тиіп, жанындағы үйлерге тараған. Алапат өрттен ресми мәлімет бойынша 13 отбасы зардап шекті. Оның арасында 13 кәмелетке толмаған бала бар, соның 7-еуі оқушы.
Алайда, тұрғындардың айтуынша, 15-ке жуық үйді от шарпып өткен. 2-еуі ресми сатистикаға ілікпей қалыпты.
Баспанасыз қалған тұрғындарға еріктілер киім-кешек жинап, азық-түлік апарып беруде. Әкімдік әр отбасыға алғашқы көмек ретінде тартылған қаражат есебінен 200 мың теңгеден бөлді. Сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік көмек ретінде 214 мың теңге берілмек. Дүние-мүлкінен айырылған тұрғындар бұл қаржымен үйлерін қайтып тұрғыза алмайтынын айтып шағымдануда.